Ашық бос жұмыс орындары

Инженер-электрик

Лауазымдық міндеттері:
— электр жабдықтарының жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдар мен ресурстарды жоспарлауды жүзеге асырады;
— электр жабдықтарын жоспарлы-алдын ала жөндеу және техникалық қызмет көрсету жоспарларын, кестелерін әзірлейді, тексереді және келіседі (осы жұмысты мердігерлік ұйымдармен жүргізуді қоса алғанда);
— жағдайы бойынша электр жабдығының жұмысына, істен шығу жұмыстарына, электр жабдығының істен шығу санына талдау жүргізеді, өндірістік процестер мен қойма қорларын оңтайландыру мақсатында жаңғырту бойынша ұсыныстар енгізеді;
— жұмыстарды (қызметтерді) сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық шарттар жасайды;
— электр жабдықтарын жеткізушіні таңдауды келісу бойынша жұмыстарды жүргізеді;
— жабдық бойынша электр схемаларының сәйкессіздігін талдау және жою бойынша жұмыс топтарына қатысады;
— электр жабдығын авариялық ажырату себептерін анықтау жөніндегі жұмыс топтарына қатысады және олардың алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс – шараларды әзірлейді;
— мердігерлік ұйымдармен жабдықтарды жөндеуге шарт жасау үшін қажетті материалдарды дайындайды;
— электр жабдықтарын күрделі және өзге де жөндеулердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады (осы жұмысты мердігерлік ұйымдармен жүргізуді қоса алғанда).

Білуге тиіс:

- ақпараттық технологиялар саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, электр жабдығын пайдалану және жөндеу мәселелері жөніндегі әдістемелік және өзге де материалдарды;

- жабдықтың техникалық-пайдалану сипаттамаларын, конструктивтік ерекшеліктерін, мақсаты және жұмыс режимдерін;

- электр схемаларының технологиясын, электр шаруашылығын ұйымдастыруды;

- электр жабдықтарының жұмыс режимдерін және техникалық пайдалану тәртібін;

- электр жабдықтарын жоспарлы-алдын ала жөндеу және ұтымды пайдалану жүйесін;

- жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды және технологиясын;

- электр жабдықтарын монтаждау, реттеу, баптау және жөндеу әдістерін;

- электр жабдығына, материалдарға, қосалқы бөлшектерге, құралдарға өтінімдер жасау тәртібін;

- жабдықты жөндеуге тапсыру және жөндеуден кейін қабылдау тәртібін;

- ұйым өнімін өндіру технологиясының негіздерін;

- электр жабдықтарын пайдалану, жөндеу және жаңғырту кезіндегі еңбекті ұйымдастыру талаптарын;

- энергия жабдықтарын пайдалану және жөндеу бойынша отандық және шетелдік озық тәжірибені;

- экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін;

- еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария тәртібін, өрт қауіпсіздігінің талаптарын.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті кадрлар даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс өтіліне талап қойылусыз немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, орта кәсіптік) білімі және маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Өтінім қалдыру