Жобалау жұмыстары тобы

Бұл бағыт мыналарды қамтиды:

- Өндірістік мақсаттағы объектілерді технологиялық жобалау;

- Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жобалау;

- Көлік құрылысы жобаларының технологиялық бөлігін әзірлеу (көпірлер мен көпір өткелдері, көлік эстакадалары және көп деңгейлі жол айрықтары, барлық санаттағы автомобиль жолдары, темір жол көлігінің қатынас жолдары);

- Бірінші немесе екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстарға арналған сәулеттік жобалау
(тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, сәулет-реставрациялау жұмыстары үшін жобалау құқығымен), соның ішінде;

- Объектілердің бас жоспарлары, аумақты инженерлік дайындау, рельефті абаттандыру және ұйымдастыру;

- Қала құрылысын жобалау (тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, тарихи құрылыс аудандарын қала құрылысын оңалту үшін жобалау құқығымен) және жоспарлау, оның ішінде;

- Қонысаралық аумақтарда орналасқан елді мекендер мен өндірістік кешендерді газбен жабдықтау схемаларын әзірлеу;

- Құрылыс салу жүйесінде электр энергиясын өндіру және тасымалдау жөніндегі объектілерді орналастыра отырып, елді мекендерді электрмен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндірістік кешендерді электрмен жабдықтау схемаларын әзірлеу;

- Инфрақұрылым объектілері мен ақпарат көздерін орналастыра отырып, елді мекендер үшін телекоммуникация және байланыс схемаларын әзірлеу;

- Құрылыс салу жүйесінде жылу энергиясын өндіру және тасымалдау жөніндегі объектілерді орналастыра отырып, елді мекендерді жылумен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндірістік кешендерді жылумен жабдықтау схемаларын және көптеген басқаларды;

Біз не жобалаймыз